2019/2020 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында 129 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) филиалдарын қоса алғанда жұмыс істейді. Меншік нысаны бойынша 41 ЖОО мемлекеттік болып табылады, жеке – 84 ЖОО және шетелдік меншік нысанымен – 4 ЖОО бар.
Жалпы студенттер саны 604345 адамды құрайды, олардың ішінен қыздардың саны 321643 адам немесе 53,2%. Ағымдағы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 11,4% көбейді.
Ағымдағы оқу жылында 163494 адам қабылданды, әр түрлі себептер бойынша оқыту мерзімі аяқталғанға дейін кеткен студенттер – 60654 адам, бітіргендер – 142435 адамды құрады.
Студенттердің жалпы санынан 79,6% оқытудың күндізгі оқу нысаны бойынша оқиды, 14,9% – сырттай және 5,5% – кешкі. Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 180088 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 29,8% құрайды, ақылы негізде – 424257 адам немесе 70,2% оқиды.
Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 65,2%, орыс тілінде 30,2% және ағылшын тілінде 4,6% құрады.
Бітірген білікті мамандар 142435 адамды құрады, бұл 2018/2019 оқу жылымен салыстырғанда 9% (130691 адам) артты.
Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 38470 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 5715 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,5% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты – 33%, профессор атағы – 6,4% және доцент – 15,3%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 12995 адам немесе 33,7%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 2870 адам немесе 7,4%.
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Төребаева Ә.Ш. | Ханжігітов Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Астана қаласы |
| Тел. +7172-74-92-58 | Тел. +7172-74-90-61 | Тел. +7172-74-90-02 | Мәнгілік ел көшесі, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер үйі, 4-кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті