
2020 жылы 31 қаңтарда Статистика комитетінің және аумақтық статистика органдарының басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс барысында ведомствоның 2019 жылғы қызметі бойынша есеп беріліп, 2020 жылға арналған басым міндеттері айқындалды.
2019 жылды қорытындылай келе, Статистика комитетінің төрағасы Н.С. Айдапкелов барлық жоспарланған іс-шаралар уақытылы орындалғанын атап өтті.
Сондай-ақ Төрағаның орынбасары Н.Ж. Көшкімбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» туралы баяндама жасады.
Биылғы күн тәртібіндегі негізгі мәселе - Қазақстан Республикасының 2020 жылғы халық санағы:
- 2019 жылы ұлттық санақты ескере отырып, «е-статистика» ИАЖ әзірлеу жұмыстары сәтті аяқталды.
- автоматтандырылған режимде халық санағын жүргізуге (жинауға, өңдеуге және жариялауға) мүмкіндік беретін «Ұлттық халық санағының» АЖ жаңа компоненті жасалды.
Бүгінгі күніде санақтың құқықтық негіздері толық дайындалған:
- іс-шаралар жоспары, күнтізбелік жоспар, әдістемелік құралдар бекітілді;
- арнайы және аймақтық комиссия құрылды;
- санақ жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен (Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті) және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілер жасалды.
Н.С. Айдапкелов алқа отырысын қорытындылай келе:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды;
- аумақтық статистика органдарының басшыларына санақ бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ оның орындалуы туралы ақпаратты қатаң түрде белгіленген мерзімде беруді тапсырды.
| Баспасөз қызметі: | Басқарма басшысы: | Мекенжайы: |
| Алданғарқызы Ә. | Тұрмағанбет Б.Ә. | 010000,Нұр-Сұлтан қаласы |
| тел.+7 7172 74 90 02 | тел. +7 7172 74 90 77 | Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, |
| email: a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
|
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті