
Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы қаңтар 2019 жылғы қаңтарға) 9,2% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, жемістер мен көкөністер, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант арзандады.
2020 жылғы қаңтарда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 319 теңгені (2019 жылғы қаңтарда – 246 теңге), сұлы жармасына – 351 теңгені (327 теңге), сөкке – 375 теңгені (241 теңге), күрішке 378 теңгені (317 теңге) құрады.
Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы қаңтарда килограмына 188 теңгені, 2019 жылғы қаңтарда 240 теңгені құрады.
2020 жылғы қаңтарда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына 1815 теңгені (2019 жылғы қаңтарда – 1560 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1719 теңгені (1464 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 2039 теңгені (1766 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1467 теңгені (1320 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2172 теңгені (2030 теңге), тауықтың сан етіне – 833 теңгені (750 теңге) құрады.
| 2020 жылғы қаңтардағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар | ||||||
| килограмм теңгемен | ||||||
| Қазақстан Республикасы бойынша | Баға | Қалада тіркелген | ||||
| 2019 жылғы қаңтар | 2020 жылғы қаңтар | ең төмен | ең жоғары | ең төмен баға | ең жоғары баға | |
| Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан | 129 | 148 | 132 | 179 | Алматы | Атырау |
| Сүзбе | 1 596 | 1 608 | 1 147 | 2 148 | Петропавл | Атырау |
| Қаймақ | 1 056 | 1 116 | 820 | 1 407 | Талдықорган | Алматы |
| Мәйекті ірімшік | 2 534 | 2 784 | 2 168 | 3 586 | Шымкент | Нұр-Сұлтан |
| Айран | 285 | 297 | 230 | 380 | Талдықорган | Семей |
| Пастерленген сүт | 229 | 254 | 190 | 272 | Талдықорган | Алматы |
| Тұздалмаған сары май | 2 143 | 2 401 | 1 859 | 3 944 | Павлодар | Ақтау |
| Күнбағыс майы, литр | 431 | 433 | 380 | 488 | Қарағанды | Ақтау |
| Жұмыртқа, ондық | 273 | 304 | 248 | 367 | Петропавл | Алматы |
| Тұз | 52 | 52 | 37 | 59 | Ақтөбе | Алматы |
| Картоп | 86 | 98 | 78 | 128 | Павлодар | Ақтау |
| Ақ қауанды қырыққабат | 106 | 109 | 89 | 145 | Қарағанды | Ақтау |
| Басты пияз | 78 | 86 | 64 | 113 | Түркістан | Ақтау |
| Сәбіз | 97 | 102 | 73 | 138 | Павлодар | Ақтау |
| Алма | 374 | 402 | 318 | 534 | Шымкент | Өскемен |
| Банан | 481 | 553 | 481 | 675 | Қарағанды | Ақтау |
Ескерту: Тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.
www.stat.gov.kz / Жаңалықтар - Комитеттің баспасөз хабарламалары
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.Т. Махметова | Э.Н. Тілепбергенова | Ә. Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749265 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел даңғылы, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті