Баға азық-түлік тауарларына өткен айда – 0,9%, азық-түлік емес тауарларына, ақылы қызметтерге 0,5%-дан жоғарылады.
| пайызбен, өсуі | |||
| 2020 жылғы қаңтар | |||
| 2019 жылғы желтоқсанға | 2019 жылғы қаңтарға | 2015 жылғы желтоқсанға | |
| Тауарлар мен қызметтер | 0,7 | 5,6 | 29,8 |
| Азық-түлік тауарлары | 0,9 | 9,2 | 35,8 |
| Азық-түлік емес тауарлар | 0,5 | 5,2 | 33,9 |
| Ақылы қызметтер | 0,5 | 1,4 | 18,8 |
Өткен айда бағаның өсуі көкөністерге – 5,6%, жұмыртқаға – 1,6%, жармаларға – 1,5%, макарон өнімдеріне – 1%, пастерленген сүтке, сары майға – 0,9%, ұнға, мәйекті ірімшікке – 0,8%, мұздатылған балыққа, шұжық өнімдеріне, сүзбеге – 0,7%, ет өнімдеріне, қышқыл сүт өнімдеріне – 0,6%, сиыр етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне, шайға – 0,5%-дан, жылқы етіне 0,4% белгіленді. Темекі өнімдері 1,9% қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 0,9%, құмшекерге, сөкке 0,5%-дан тіркелді.
Баға өсімі автомобильдерге – 0,7%, тоқыма бұйымдарына, тұрмыстық аспаптарға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жеке қолданылатын тауарларға – 0,4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға, ыдысқа 0,3%-дан құрады. Бензин – 2,7%, дизель отыны, тас көмір 0,3%-дан қымбаттады.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%, мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге, кабельдік телевизия қызметтеріне – 0,6%-дан, денсаулық қызметтеріне 0,5% өсті. Ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 2,9% қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен 1,3% арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына 1% өсті, ал кәрізге – 0,4%, суық суға 0,1% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Тілепбергенова Э.Н. | Алданғарқызы Ә | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749531 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәнгілік ел көшесі, 8 |
| E-mail: a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті