2019 жылғы IV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 203883 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2018 жылғы тиісті тоқсанына 115,8%, ал нақты жалақы индексі 109,9% құрды.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 428,3 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 402,5 мың теңге (2,0 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 373,4 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 278,0 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 127,3 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 37,6 %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 345,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 138,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,3%-ға төмен.
Ескерту. Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.
*Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз.
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Белкайрова Л.С. | Белоносова Н.Е. | Алданғарқызы Әсем | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 74 97 81 | Тел. +7 7172 74 90 22 | Тел.+7 7172 74 90 02 | Мәңгілік ел, 8 |
| Е-mail: l.belkairova@economy.gov.kz | E-mail: A.Aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті