
2022 жылғы мамырда 105,3 мың автокөлік құралы есепке қойылды1), бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 28% көп, оның ішінде жеңіл автомобильдердің үлесі 28,4%, жүк көліктерінікі 18,7%, автобустардікі 60,4% артты.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 350,5 мың бірлікті құрады, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы автобустар.
Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер саны басым – 50,4%, жасы 10-нан 20 жасқа дейін шығарылған автокөлік құралдарының үлесі 21,1%-ды, 7-ден 10 жасқа дейін – 14,5%, 3-тен 7 жасқа дейін – 6,4%-ды құрады, машиналардың тек 7,4%-ының пайдалану мерзімі 3 жылдан кем.
Шығарылған жылы 20 жылдан астам болған жүк көліктерінің үлесі 60,9%, автобустардікі 42,4%.

Автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында2) – 533,9 мың бірлік, Алматы қаласында – 507,2 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында2) – 323,3 мың, ең азы Атырау облысында – 117,1 мың бірлік тіркелген.
Жанармай ретінде жеңіл автокөліктер негізінен бензинді пайдаланады (87,8%), көлік құралдарының 8% аралас отынмен3) жүреді. Жүк автомобильдерінің 48,5% дизель отынымен, қалғандары бензинмен (46,1%) және аралас отынмен3) (2,2%) толтырылады.
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Деректер аймақ бөлінгенге дейін алынды.
3) Аралас отын-бензинде, газ баллонында және электр отынында.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы