
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-маусымда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 104,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
|
|
2022 жылғы қаңтар-маусым |
2021 жылғы қаңтар-маусымға пайызбен |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге |
5 680,8 |
102,6 |
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, |
23 825,3 |
103,5 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі, |
1 763,4 |
101,4 |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге |
2 072,7 |
109,2 |
|
Жүк айналымының көлемі, млрд т-км |
293,0 |
105,6 |
|
Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км |
51,3 |
119,1 |
|
Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге |
535,5 |
107,0 |
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге |
6 083,3 |
101,2 |
|
Көтерме сауда көлемі, млрд тенге |
14 533,8 |
108,5 |
|
Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары |
51 319,1 (2022 жылғы қаңтар-мамыр) |
140,7 |
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 493 444 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 484 512 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 371 062, оның ішінде 362 337 бірлігі – шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 110,5% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 15,7%, азық-түлік емес тауарларға – 8,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 5,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,6% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы мамырда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 143 636 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы мамырға қарағанда 10,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,9% төмендеді.
2022 жылғы маусымда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 456 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы маусымның соңына 207,3 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,2%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы