2022 жылғы II тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

2022 жылғы II тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда II тоқсанда дайын өнімге деген сұраныстың жоғарылауына байланысты өнім шығарылымының заттай көрінісінде артқанын атап өтті. Осылайша, 2022 жылдың II тоқсанында алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда сұраныстың өзгеруін бағалау балансы 2%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы 5%-ды құрады (2022 жылдың I тоқсанында тиісінше 7% және 10%).

2022 жылғы II тоқсанда жүргізілген сауалнама зерттеуінің нәтижесінде алынған өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі 7% дейін өсті. Бұл ретте, өнеркәсіп кәсіпорындарының 68%-ы қаржылық-шаруашылық қызметтің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалатынын, 15%-ы – жақсаратынын және 8%-ы – нашарлайтынын болжайды.

                Сауда кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 2022 жылғы I және II тоқсанмен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың артуына байланысты іскерлік белсенділіктің жақсаруы байқалған. 2022 жылдың II тоқсанында сұраныстың өзгеруін бағалау балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда артып, -4%-ды құрады (2022 жылдың I тоқсанында -20%), сауда көлемінің өзгеруін бағалау балансы -22%-дан 1%-ға дейін артты.

2022 жылғы II тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнамасының  нәтижесінде алынған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі -1% құрады (а.ж. І тоқсанында -13%). Мұндай айтарлықтай өсімге сұраныс, сауда желілерінің қорлары және экономикалық жағдайдың жалпы тұрақтылығы әсер етті.

Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі, яғни 61%-ы ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 14% жақсаруын және 11% нашарлауын күтеді.

                2022 жылғы екі тоқсанды салыстырғанда құрылыс кәсіпорындарының басшылары экономикалық конъюнктураның жақсарғанын атап өтті. Осылайша, тапсырыс беру портфелінің өзгеруін бағалау балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда 6%-ға дейін артты. Орындалған жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы      -29%-дан 7%-ға дейін артты.

                2022 жылғы II тоқсанда жүргізілген сауалнама зерттеуінің нәтижесінде алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгеріссіз – 0%.

                Құрылыс кәсіпорындарының 66%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 15%-ы – жақсаруын және 5%-ы – нашарлауын күтеді.

 

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін және ұйымдарда жұмыс істейтіндер санының күтілетін өзгерісін бағалау «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Баланс түсінігі зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығын айқындайды.