Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-маусымда 103,5% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-маусымда 103,5% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 17 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Алматы (10,6%) және Шымкент қалалары (10,1%) еншісінде. ­Абай облысында өндіріс – 8,9%, Шығыс Қазақстан облысында – 8,2%, Жамбыл облысында –  8,1% және Ақмола облысында –  8% өсті. Бұл ретте төмендеу Жетісу (4%-ға), Қызылорда (3,6%-ға) және Павлодар (1,4%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-маусымда 2 3825 млрд теңге өнеркәсіп өнімі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 11 609 млрд теңге (жалпы көлемнен 48,7%), өңдеу өнеркәсібінде 9 871 млрд теңге (41,4%) өнім өндірілді.

2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда шикі мұнай (101,3%), табиғи газ өндіру (102,7%), сусындар (112%), темекі өнімдері (115,2%), химия (110,1%) және металлургия өнеркәсібі (105,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (111,4%), фармацевтика (104,9%), өзге де бейметалл минералдық өнімдер (103%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

 

Өндірілгені

2021 жылғы

 қаңтар-маусымға пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн. тонна

43,0

101,3

мыс кендері, млн. тонна

64,4

102,4

ұн, млн. тонна

1,6

114,8

бензин, млн. тонна

2,5

110,6

тауарлық бетон, млн. тонна

9,5

100,7

портландцемент, млн. тонна

5,9

100,2

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

38,0

112,7

электр энергиясы, млрд. кВт. сағ.

56,9

98,8

         

 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы