2022 жылғы қаңтар-мамырдағы демографиялық ахуалы туралы

2022 жылғы қаңтар-мамырдағы демографиялық ахуалы туралы

2022 жылғы 1 маусымға еліміздегі халық саны 19 222,6 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 460,5 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 762,1 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1  маусыммен салыстырғанда халық саны 237,8  мың адамға немесе 1,23 өсті.

 

Халықтың табиғи қозғалысы

2022 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда  (111,5 мың адам) 7,6% кеміп, 103,3 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,94 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде,            2022 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 161,5 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырға (175,2 мың адам) қарағанда 7,8% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,28 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 58,5 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырға (63,7 мың адам) қарағанда 8,2% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,34 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1384 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш (1423 шетінеген нәресте) 2,7% кеміді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,57  оқиғаны құрады.

 

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-мамырда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің саны 6 227 адамды, елімізден кеткендердің саны 9 034 адамды, көші-қон айырымы  -2 807 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон процесі ТМД мемлекеттерімен байланысты. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,1% және 81% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,1%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (14 481 адам), Нұр-Сұлтан (12 783 адам) және Шымкент (1 773 адам) қалаларында.

 

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика