2021 жылы Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы

2021 жылы Қазақстан Республикасындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы

2021 жылы ел экономикасына 13 242,2 млрд теңге инвестиция салынды, бұл 2020 жылдың деңгейінен 3,7%-ға жоғары.

 

Қаржыландыру көздері бойынша

2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі қаражат көзі кәсіпорындардың жекеменшік қаражаты болып отыр – 9 362,8 млрдтеңге. Бюджет есебінен тартылған қаражат – 2 071,3 млрд теңгені  құрады, өзге көздерден – қарыз қаражаты–1 462,8 млрд. теңге және банктердің кредиттері – 345,4 млрд. теңге.

 

Технологиялық құрылым бойынша

Ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған инвестициялық салымдар көлемі 7 988,4 млрд теңгені құрады. 3 478 млрд теңге сомасына жаңа жабдық сатып алынды. Бұл ретте 1 775,8 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар көлеміндегі өзге де шығындарға бағытталды.

 

Пайдалану бағыттары бойынша

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың негізгі үлесі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (28%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (19,6%), өңдеу өнеркәсібі (11,6%), көлік және қоймалау (11,1%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (5,8%) және білім (2,1%) салаларында.