ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Гүлнар Күнтуғанова тағайындалды. Бұрын ол осы аумақтық департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Гүлнар Күнтуғанова Алматы халық шаруашылығы институтын өнеркәсіпті жоспарлау мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Облыстық Агропромбанкі оперативтік басқармасының І санатты кассир-экспертшісі қызметінен бастаған.
1990-1995 жж. – Шымкент қаласы Облыстық Агропром банкінің оперативтік бөлімінің несиелеуді ұйымдастыру секторының, қаржылық несиелеуді ұйымдастыру бөлімінің экономист қызметкері.
1995-2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша статистика департаментінде сарапшыдан бастап басқарма басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.
2018-2022 жж. – Түркістан облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары.
2022 жылғы 5 шілдеден бастап Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы болып тағайындалды.
«Статистика үздігі» белгісімен (2015ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтой медалімен (2020ж.) марапатталған.