
2021 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 5 530,7 млрд теңгені құрады және 2020 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға ұлғайды. Бұл ретте республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен жеке құрылыс ұйымдары – 77,2%, шетелдік – 22,3% және мемлекеттік мекемелер – 0,5% орындады.

Объектілерді пайдалануға беру
2021 жылы 45 264 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 42 997-сі тұрғын және 2 267-сі тұрғын емес мақсатта. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 16,9 млн/м2 құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3% көп. Пайдалануға берілді: жалпы білім беретін мектептер – 93 бірлік, мектепке дейінгі ұйымдар – 32, амбулаториялық-емханалық ұйымдар – 19, ауруханалар – 12 бірлік.
