
Есепті деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы Жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2021 жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда 104,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі – 38,8%, қызметтердікі 52,7% құрады.
Ең үлкен өсім Ақпарат және байланыс – 115,7%, Көлік және қоймалау – 109,3% және Құрылыс – 108,6% салаларында байқалды.
ЖІӨ-нің нақты өсіміне ең жоғары үлесті Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласы қосты – 1,2 пайыздық тармақ (п.т.), Өңдеу өнеркәсібі – 1 п.т. және Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 0,9 п.т.
ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы
|
|
Жалпы қосылған құн, млн теңге |
Құрылымы, %-бен |
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен |
|
|
НКИ |
дефлятор |
|||
|
Жалпы ішкі өнім |
19 695 592,8 |
100,0 |
104,6 |
118,2 |
|
Тауарлар өндірісі |
7 650 074,2 |
38,8 |
105,9 |
116,6 |
|
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
468 601,8 |
2,4 |
101,8 |
115,8 |
|
- Өнеркәсіп |
6 406 076,2 |
32,5 |
105,9 |
118,3 |
|
- Құрылыс |
775 396,2 |
3,9 |
108,6 |
104,6 |
|
Қызметтер өндірісі |
10 377 407,2 |
52,7 |
103,1 |
113,3 |
|
Жалпы қосылған құн |
18 027 481,4 |
91,5 |
104,3 |
114,7 |
|
Таза салық |
1 668 111,4 |
8,5 |
110,1 |
175,4 |

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады.
ЖІӨ-нің НКИ-иі экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/ Салалар бойынша / Ұлттық шоттар статистикасы