Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы I тоқсандағы табысының саралануы туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы I тоқсандағы табысының саралануы туралы

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша 2022 жылғы I тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.  

2022 жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (8,3%), Маңғыстау  (6,4%) облыстарында және Шымкент (6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (1,7%-дан)  қаласында тіркелді.

Кедейлік тәуекеліне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша 8,6%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Анықтама: Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған)  халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. ҚР бойынша 2021 жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 38 871 теңгені құрады.

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы