Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Айдапкелов Н.С. 18 маусымда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Қазақстанның бухгалтерлер және кәсіпкерлер Ассоциациясы өткізетін семинарына қатысты. Осы семинар Қазақстанның 25 қаласында бір уақытта өткізіледі. Семинарға қатысу тегін. Семинарда бухгалтерлер мен кәсіпкерлер үшін қозғалатын маңызды тақырыптар:
- Статистика комитетінің қызметі туралы;
- Статистикалық нысандар (айыпбұлдар, қайта қараулар, қалыптастырулар);
- Статистикалық есептерді ұсыну;
- IT-дегі перспективалық жоспарлар («Респондент кабинеті» мобильді қосымшасы, e-mail және SMS хабарландырулар);
- сұрақ-жауап.
Барлық ақпарат https://rcpp.kz/ сайтында. Қатысу үшін https://seminar.rcpp.kz арқылы тіркелу қажет.
Сұрақтарды kazstat.rk@gmail.com электронды мекенжайына жіберуге болатынын қосымша хабарлаймыз. Кері байланыс үшін телефон номері және өзіңіз туралы мағлұматтарды көрсетуді сұраймыз. Сіздің сұрақтарыңызға жауаптар Статистика комитетінің www.stat.gov.kz сайтында орналастырылатын болады. Call center: 8 (7172) 74-90-02, 74-90-11.
