
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-мамырда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 105,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-нан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
|
|
2022 жылғы қаңтар-мамырр |
2021 жылғы қаңтар-мамырға пайызбен |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге |
4 145,8 |
102,5 |
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, |
19 505,8 |
104,7 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі, |
1 288,5 |
101,3 |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге |
1 295,7 |
108,9 |
|
Жүк айналымының көлемі, млрд т-км |
245,4 |
107,4 |
|
Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км |
41,4 |
120,4 |
|
Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге |
433,2 |
107,2 |
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге |
4 738,3 |
103,3 |
|
Көтерме сауда көлемі, млрд тенге |
11 826,4 |
114,2 |
|
Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары |
39 678,1 (2022 жылғы қаңтар-сәуір) |
104,8 |
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 490167 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,7% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 481239 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 367573 құрады, оның ішінде 358857 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы мамырда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 6,3%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы мамырда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145787 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы сәуірге қарағанда 12,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 1% төмендеді.
2022 жылғы мамырда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 286936 теңгені құрады.
2022 жылғы мамырда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 455,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы мамырдың соңына 200,2 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 2,2%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы