Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-мамырда 104,4% құрады

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 2022 жылғы қаңтар-мамырда 104,4% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсім Алматы қаласы  (112,7%), Ақмола (109%), Атырау (108,7%) және Жамбыл (108%) облыстарының еншісінде. Бұл ретте төмендеу Қызылорда (3,9%-ға) және Павлодар (0,8%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-мамырда 19 506 млрд теңге өнеркәсіп өнімі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 10 257 млрд теңге (жалпы көлемнен 52,6%), өңдеу өнеркәсібінде 8 082 млрд теңге (41,4%) өнім өндірілді.

2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда шикі мұнай (104,7%) және табиғи газ өндіру (106,3%), сусындар (118,3%), темекі өнімдері (116,8%), химия (110,9%) және металлургия өнеркәсібі (103,1%), резеңке және пластмасса бұйымдары (111,4%), фармацевтика (104,7%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (105,2%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

 

2022 жылғы қаңтар-мамырдағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

 

Өндірілгені

2021 жылғы

 қаңтар-мамырға пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн тонна

37,1

104,7

мыс кендері, млн тонна

52,3

100,0

ұн, млн тонна

1,4

117,1

бензин, млн тонна

2,0

110,1

тауарлық бетон, млн тонна

7,8

108,4

портландцемент, млн тонна

4,7

99,9

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

30,7

94,6

электр энергиясы, млрд кВт. сағ.

48,6

98,8

         

 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы