2019 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29721 теңгені құрады

2019 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 29721 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы желтоқсанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,4% жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 21,3%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,8%, жемістер мен көкөністерді – 8,1%, нан және жарма өнімдерін – 8%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады.

теңге

 

Орта есеппен халықтың жан басына шаққанда

0-13 жастағы балалар

14-17 жастағы жасөспірімдер

18 жастан асқан, еңбекке қабілетті халық

Зейнет-керлер мен қарт адамдар

жас жігіттер

қыздар

ерлер

әйелдер

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы

29 721

23 840

37 623

28 829

35 324

28 051

27 881

 Азық-түлік тауарлары

16 346

13 112

20 693

15 856

19 428

15 428

15 334

 Азық-түлік емес тауарлар
 мен көрсетілетін қызметтер

13 375

10 728

16 930

12 973

15 896

12 623

12 547

 06-1kz

 

Әдіснамалық түсініктемелер:

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А.Т. Махметова Э.Н. Тлепбергенова А.Е. Саңдықбаева 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +77172 74 92 65 Тел. +77172 74 90 57 Тел.+77172 74 90 02 Мәңгілік ел даңғылы, 8
    E-mail: a.sandikbaeva
@economy.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті