2019 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 5,4% құрады

2019 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 5,4% құрады

Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына – 9,6%, азық-түлік емес тауарларына – 5%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады.

пайызбен, өсуі +, төмендеуі -

 

2019 жылғы желтоқсан

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан
2018 жылғы қаңтар-желтоқсанға

2019 жылғы қарашаға

2018 жылғы желтоқсанға

2015 жылғы желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,7

5,4

28,9

5,3

Азық-түлік тауарлары

1,1

9,6

34,6

8,2

Азық-түлік емес тауарлар

0,6

5,0

33,2

5,7

Ақылы қызметтер

0,3

0,7

18,2

1,2

Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы желтоқсан 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі ұнға – 27,3%, жармаларға – 25,3%, күрішке – 21,6%, мұздатылған балыққа – 18,2%, қой етіне – 16,9%, сиыр етіне – 16,2%, нанға – 16%, жылқы етіне – 15,4%, картопқа – 14,3%, макарон өнімдеріне – 13,4%, жұмыртқаға – 11,9%, құс етіне, шошқа етіне – 11,6%-дан, сары майға – 11,3%, ет өнімдеріне – 10,3%, кофеге – 9,7%, мәйекті ірімшікке – 9,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 9,3%, шайға 7,3% белгіленді. Салқындатылған сусындар – 12,4%, темекі өнімдері – 12,2%, алкогольді ішімдіктер 7,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге 22,4% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 8,8%, оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,8%, кеңсе таурларына – 6,8%, киім және аяқ киімге – 6,7%, құрылыс материалдарына – 6,6%, тоқыма бұйымдарына – 6,4%, фармацевтикалық өнімдерге, тұрмыстық аспаптарға – 6,2%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 6,1%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 5,8%, жеке қолданылатын тауарларға 5,7% құрады. Дизель отыны, тас көмір 1,1%-дан қымбаттады, ал бензин – 4,6%, баллондағы сұйытылған газ 0,4% арзандады.

Баға деңгейі мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 8,4%, санаторийлер қызметтеріне – 7,4%, денсаулық қызметтеріне – 6,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 5,9%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру 5%-дан өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы – 5,4%, жолаушылардың темір жол көлігімен 4,1% қымбаттады, ал әуе көлігімен 7,9% арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 10,5%, суық суға – 7,7%, кәрізге – 7,2%, ыстық суға – 6,1%, электр энергиясына, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,3%-дан, қоқыс шығаруға 3,7% төмендеді.

 05-3kz

 

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Рашидов А.Р. Тілепбергенова Э.Н. Сандықбаева А.Е. 010000, Нұр-Султан қаласы
Тел.: 8(7172)74-95-31 Тел.: 8(7172)74-90-57 Тел.:8(7172)74-90-02 Мәңгілік ел көшесі, 8
    a.sandikbaeva
@economy.gov.kz
Министірліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті