АДБ-ның Статистикалық Комитетімен ағымдағы ынтымақтастық шеңберінде 2019 жылдың 27-31 мамыры аралығында өткен жылдың бағаларында «ресурстар- пайдалану» кестелерін қалыптастыру және қаржылық емес активтердің теңгерімін бағалау бойынша АДБ өкілдері мен ҚР ҰЭМ статистика комитеті қызметкерлерінің кездесуі өтті.
Кездесу барысында өткен жылдың бағаларында «ресурстар- пайдалану» кестелерін қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді перспективада алдағы ынтымақтастық мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды, Қазақстанда өткен жылдың бағаларына «ресурстар - пайдалану» кестелерінің, жер, минералды-энергетикалық ресурстар, су, өндірілмеген биологиялық ресурстар бойынша теңгерімдер, ғылыми-зерттеулерге және әзірлемелерге, сондай-ақ қаруландыру жүйелеріне шығындарды капиталдандырудың эксперименттік қалыптасуына шолу жасалды.
Сондай-ақ аталған кестелерді жетілдіру бойынша басым бағыттар анықталды.

