Бюро басшысы Жандос Шаймардановтың төрағалығымен өткен статистикалық ведомствоның алқа отырысында қызмет қорытындысы шығарылып, одан әрі жұмыс істеудің басым бағыттары анықталды. Отырысқа ведомстволық бағынысты ұйымның, аумақтық департаменттердің басшылары және бюроның орталық аппараты департаменттерінің директорлары қатысты.
Кездесу барысында статистика саласын реформалаудың негізгі бағыттары айтылды, онда ұлттық статистиканы қалыптастыру әдіснамасы қайта қаралып, жаңа цифрлық тәсілдер енгізіледі және бизнес-процестер оңтайландырылады.
«Біз әдіснамалық базаны жетілдіруді және біз дайындайтын ақпараттың қолжетімділігін кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бұл ішкі трансформация бағыттарының алғашқысы болады. Мұнда халықаралық тәжірибе ескеріледі. Біз Ұлттық шоттар жүйесі және Ұлттық статистика жүйесін жаһандық бағалау бойынша мәселелерді пысықтау үшін ХВҚ, БҰҰ ЕЭК сияқты халықаралық ұйымдарға жүгіндік. Әдіснамалық нысандардың көпшілігін қайта қарадық және жеңілдеттік. Сарапшылар қауымдастығымен, респонденттермен және пайдаланушылармен жүргізілген жұмысты ескере отырып, 2023-2024 жылдарға арналған Статистикалық жұмыстардың перспективалық жоспары қалыптастырылуда», – деді бюро басшысы.
Бүгінгі таңда Бюро 52 статистикалық нысанды қайта қарап үлгерді. Олардың 13-і жойылып, жаңадан 3 қосылады. Нысандар санының азаюына конъюнктуралық зерттеу нысандарын оңтайландыру, жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйелері сияқты балама және әкімшілік көздерді пайдалану және т. б. құралдар есебінен қол жеткізілді.
Отырыс барысында мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері де айтылды. Бүгінде Бюроның бастамасымен заңнамаға бірнеше түзетулер енгізілуде. Өзгерістердің бірі статистиклық деректерді бұрмалағаны үшін жауапкершілікке тартуға қатысты. Бюроның Заң департаментінің директоры Самат Жасұзақов қазіргі құқық бұзушылықтың алдын алу және қайталап құқық бұзғаны үшін айыппұл салу жөніндегі шаралар өзінің маңыздылығының аздығына байланысты тиімсіз екенін атап өтті. «Біз респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді дұрыс ұсынбағаны үшін ескертудің және статистикалық байқауларды жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру бойынша қызметіне, мемлекеттік статистика органдарына заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеудің орнына әкімшілік айыппұл енгізу бөлігінде өзгерістер енгіземіз», - деді С. Жасұзақов.
Алқа отырысында сондай-ақ бюроның ведомстволық бағынысты ұйымы – Ақпараттық есептеу орталығы РМК-ның негізгі құрылымдық өзгерістері, жұмыспен қамту және жұмыссыздық статистикасының сапасын қамтамасыз ету, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша Екінші ұлттық зерттеу жүргізу туралы баяндамалар және Алматы қаласы бойынша аумақтық департамент қызметінің қорытындылары тыңдалды.
Қорытындылай келе, бюро басшысы біліктілік пен білімді үздіксіз жетідіріп, зерттеу қызметімен айналысудың маңыздылығын атап өтті, өйткені болашақта көлемді деректермен жұмыс істеу дата-талдау мен оларды визуализациялау дағдыларын қажет ететін болады.