Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2022 жылғы мамырда инфляция жылдық есептеуде 14% құрады, бір айда 1,4% дейінгі баяулау байқалды (сәуірде 2%).

2022 жылғы мамырда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы мамырмен салыстырғанда 19%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 11,9%-ға, ақылы қызметтерге 9,1%-ға көтерілді.

 

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы мамыр

Анықтама: 2022 жылғысәуір

2021 жылғы

мамырға

2021 жылғы

желтоқсанға

2022 жылғы

сәуірге

2021 жылғы
сәуірге

2022 жылғы
наурызға

Тауарлар мен қызметтер

14,0

8,8

1,4

13,2

2,0

        Азық-түлік тауарлар

19,0

13,5

1,7

17,9

3,1

        Азық-түлік емес тауарлар

11,9

6,3

1,4

11,1

1,2

        Ақылы қызметтер

9,1

4,5

0,8

8,9

1,0

 

Азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі жылдық мәнде құмшекерге – 60,5%, жаңа піскен көкөністерге – 31,5%, ұнға – 29,9% өсті. Жұмыртқа бағасы 8,1% төмендеді.

 

Бағаның өсуі (мамыр 2021ж.- мамыр 2022ж., өсім, пайызбен)

60,5%  құмшекер

20%     қышқыл сүт өнімдері

31,5%  жаңа піскен көкөніс

19,4%  күнбағыс майы

29,9%  ұн

18,8%  кондитерлік өнімдер

28,5%  құс еті

18%     пастерленген сүт

27,1%  жарма

16,8%  жылқы еті

26,2%  картоп 

16,5%  қой еті, нан

25,9%  макарон өнімдері

19,8%  минералды және ас су

24,6%  жаңа піскен жеміс

17,8%  темекі өнімдері

23,8%  қатты ірімшік

17,5%  салқындатылған сусындар

21,5% тоқаш және ұннан жасалған өнімдер

13,5%  алкогольді сусындар

21,1%  кептірілген жемістер мен жаңғақтар

 

 

«Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі», – деп түсіндірді бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Оның айтуынша, 2022 жылғы мамырда (2021 жылғы мамырға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 11,9% құрады. Баға деңгейі тұрмыс құралдарына – 20,2%, жеке қолданылатын тауарларға – 19,5%, жуу және тазалау заттарына – 17,5%, құрылыс материалдарына – 17,2%, автомобильдерге– 16,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 13,3%, тоқыма бұйымдарына – 9,4%, фармацевтикалық өнімдерге 8,7% өсті.

Бір жылда (былтырғы және биылғы мамырға) ақылы қызметтер бағасы 9,1% өсті. Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 14,5%, санаторий қызметтеріне – 14,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 12,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 11,6%, қонақ үй қызметтеріне 6% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4,9% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына – 8,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 3,2%, қоқыс шығаруға – 2%, суды бұруға 0,6% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3% және ыстық суға 1,1% төмендеді.

 

*2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1% құрады.