Жаннат Дүбірова Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды

Жаннат Дүбірова Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды

Бұған дейін ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы болып жұмыс істеген. Квазимемлекеттік және жеке секторларда, оның ішінде консалтинг саласында PwC-де жұмыс тәжірибесі бар. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары лауазымында ол ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерінің әдіснамасы мен автоматтандырылуы, Data менеджментті дамыту және өзгерістерді басқару мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, техника және технология бакалавры.

2015 жылы Ұлыбританиядағы Манчестер университетінің Ақпараттық технологиялар және IT Менеджмент магистрі дәрежесі бар.

Еңбек жолын «Bimash» ЖШС мета-деректер әкімшісі болып бастады, кейін жобалар жетекшісі болып ауыстырылды. 2008 жылдан бастап «Цеснабанк» АҚ-да IT департаменттің бас менеджері болды. ENRC Group-та түрлі лауазымдарда жұмыс істеді – өндіріс IT-менеджері, IT директордың орынбасары болды. 2013-2016 жылдары «PricewaterhouseCoopers» ЖШС-де кеңесші менеджер болып жұмыс істеді. «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылғы желтоқсаннан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» МКК басшысы болды.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі (2019 жыл).