Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы он бір айда (2019 жылғы қараша 2018 жылғы желтоқсанға) – 8,4%, азық-түлік емес тауарларына – 4,3%, ақылы қызметтерге 0,4% жоғарылады.
| пайызбен, өсуі +, төмендеуі - | |||||
|
|
2019 жылғы қараша |
2019 жылғы қаңтар-қараша |
|||
|
2019 жылғы қазанға |
2018 жылғы желтоқсанға |
2018 жылғы қарашаға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,7 |
4,7 |
5,4 |
28,0 |
5,2 |
|
Азық-түлік тауарлары |
1,2 |
8,4 |
9,7 |
33,1 |
8,1 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,5 |
4,3 |
4,8 |
32,4 |
5,8 |
|
Ақылы қызметтер |
0,5 |
0,4 |
0,6 |
17,9 |
1,2 |
Ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы қараша 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі ұнға – 24,8%, күрішке – 23,5%, жармаларға – 22,6%, мұздатылған балыққа – 17,3%, қой етіне – 15,9%, сиыр етіне – 15,4%, нанға – 15,2%, жылқы етіне – 14,6%, картопқа – 14%, макарон өнімдеріне – 12,1%, құс етіне – 11,6%, шошқа етіне – 10,6%, сары майға – 10,2%, кофеге, ет өнімдеріне – 9,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 9%, жұмыртқаға – 8,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 8,3%, шайға 6,9% белгіленді. Темекі өнімдері – 11,7%, салқындатылған сусындар – 11,6%, алкогольді ішімдіктер 7,2% қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 18,6% жаңа жиналған көкөністерге 8,4% тіркелді.
Баға өсімі оқу-анықтамалық әдебиетке – 7,8%, автомобильдерге – 7,3%, кеңсе таурларына – 6,3%, құрылыс материалдарына – 6,1%, фармацевтикалық өнімдерге – 6%, киім және аяқ киімге – 5,9%, тұрмыстық аспаптарға – 5,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 5,3%, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданылатын тауарларға – 5,2%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға 5,1% құрады. Дизель отыны – 0,9%, тас көмір 0,7% қымбаттады, ал бензин – 4,5%, баллондағы сұйытылған газ 0,8%, арзандады.
Баға деңгейі мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 7,3%, санаторийлер қызметтеріне – 7,1%, денсаулық қызметтеріне – 5,9%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 5,4%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 5%-дан өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 10,6%, суық суға – 7,7%, кәрізге – 7,2%, ыстық суға – 5,9%, электр энергиясына – 4,5%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,3%, қоқыс шығаруға 3,7% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Тілепбергенова Э.Н. | Сандықбаева А.Е. | 010000, Нұр-Султан қаласы |
| Тел.: 8(7172)74-95-31 | Тел.: 8(7172)74-90-57 | Тел.:8(7172)74-90-02 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті