Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы он бір айда (2019 жылғы қараша 2018 жылғы желтоқсанға) 0,9% жоғарылады. Бағаның өңдеу өнеркәсібінде 4,9% жоғарылауы, кен өндіру өнеркәсібінде 1,4% төмендеуі байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер – 0,9%, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,7% қымбаттады.
| Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі | |||||
| пайызбен, өсуі +, төмендеуі - | |||||
|
|
2019 жылғы караша |
2019 жылғы қаңтар-караша 2018 жылғы қаңтар- карашаға |
|||
|
2019 жылғы казанға |
2018 жылғы карашаға |
2018 жылғы желтоқсанға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
|
Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса |
-1,2 |
-5,3 |
0,9 |
54,0 |
5,4 |
|
Өнеркәсіп өнімдері |
-1,4 |
-5,8 |
0,9 |
58,0 |
5,9 |
|
Өндіріс құралдары |
1,0 |
7,1 |
6,6 |
45,3 |
6,7 |
|
Аралық тұтыну өнімдері |
-1,9 |
-7,2 |
0,3 |
65,0 |
6,3 |
|
Тұтыну тауарлары |
2,0 |
3,8 |
3,4 |
23,0 |
2,8 |
|
Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер |
0,0 |
0,4 |
0,7 |
19,0 |
0,3 |
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мазутқа - 21,3%, көмірге - 10,3%, металл кендеріне - 4,1%, табиғи газға - 1%, дизель отынына 0,9% жоғарылады, бензинге - 8,1%, сұйытылған пропан және бутанға - 4,2%, мұнайға 2,3% төмендеді.
Бағаның асыл металдарға - 28,6%, қорғасынға - 17,8%, қара металдар илегіне 6,4% жоғарылауы, олардың алюминийге - 6,8%, ферроқорытпаларға - 4,8%, мырышқа - 4,6%, мысқа 2,7% төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының қара бидай ұнына - 48,5%, бидай ұнына - 28,1%, жармаларға - 39%, күрішке - 19,6%, макарон өнімдеріне - 17,4%, нанға - 10,9%, мал етіне - 10,4%, құс етіне - 3,6%, сүт өнімдеріне - 6,7%, өсімдік майына - 3,4%, шайға 3,1% жоғарылауы, олардың қантқа 0,8% төмендеуі байқалды.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқармасы басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Л. Шемякина | Э. Тілепбергенова | Сандықбаева Аида | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749533 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| E-mail: a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті