Орталық Азия елдері мемлекеттік саясат шараларының тиімділігін арттыру үшін деректерді пайдалану мәселелерін талқылады

Орталық Азия елдері мемлекеттік саясат шараларының тиімділігін арттыру үшін деректерді пайдалану мәселелерін талқылады

Осы күндері Ташкентте Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік банк, Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Экономиканы дамытудағы тиімді басқару» Халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген 150-ден астам қатысушы мемлекеттік басқаруды жақсартуға және Орталық Азия елдерінде әділ және инклюзивті экономикалық өсімге бағдарланған саясатты трансформациялауға елеулі әсер етуі мүмкін зерттеу деректерін пайдалану мәселелерін талқылап жатыр. Сарапшылар, сондай-ақ Ұлттық статистика органдары мен еңбек нарығының жай-күйін талдайтын жүйелерді тарта отырып, деректерді дайындау саласындағы әлеуетті дамыту мәселелерін қарастырады.

Қазақстан тарапынан конференцияға ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері қатысып жатыр. Ведомство басшысы Жандос Шаймарданов өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Үкіметінің Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобасының нәтижелері туралы айтып берді. «Жобаның негізгі мақсаты ұлттық статистика жүйесінің тиімділігін арттыру болды, ол халықаралық деңгейде танылған әдістеме мен озық тәжірибеге сәйкес өзекті, жедел және шынайы деректерді өндеуге мүмкіндік берді. 2012-2017 жылдар аралығында әдіснамалық база толығымен жаңартылды, статистикалық нысандар қайта қаралды, Статистика агенттігінің және басқа да мемлекеттік органдардың 2 мыңнан астам қызметкері оқытылды», – деді конференция барысында бюро басшысы.