2022 жылғы қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді

2022 жылғы қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автомобиль тіркелді

Көрсетілген кезеңде Қазақстанда 204238 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9% аз. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы саны 3 833,3 мың бірлікті құрады.1)

2022 жылғы бірінші тоқсанда 2600 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8% азайды.2)

1 сәуірдегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 10,7 млрд теңге сомасында 21370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған.3)

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк деректері бойынша

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы