
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-сәуірде былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 106% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
|
|
2022 жылғы қаңтар-сәуір |
2021 жылғы қаңтар-сәуірге пайызбен |
|
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге |
3 104,6 |
102,3 |
|
Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі, |
15 439 |
104,7 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі, |
974,3 |
101,9 |
|
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге |
863,7 |
109,5 |
|
Жүк айналымының көлемі, млрд т-км |
195,9 |
109,1 |
|
Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км |
32,1 |
120,7 |
|
Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге |
343,3 |
107,1 |
|
Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге |
3683,7 |
100,8 |
|
Көтерме сауда көлемі, млрд тенге |
9219,5 |
113,7 |
|
Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары |
28 650,6 (2022 жылғы қаңтар-наурыз) |
145,3 |
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 486960 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,6% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 477986 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 362916 құрады, оның ішінде 354161 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы сәуірде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 11,6%, азық-түлік емес тауарларға – 4,9%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 3,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы сәуірде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 16,7% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 143921 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы наурызға қарағанда 17,8% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,2% артты.
2022 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 455,2 мың адамды құрады.
Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы сәуірдің соңына 193 мың адамды құрады немесе жұмыс күшінің 2,1%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы