Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 11% көбейді*

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 11% көбейді*

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы өзара сауда 5 693,6млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11% көбейді.

2022 жылғы қаңтар-наурыздағы тауар экспорты 1 743,8млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (9,3% көп), импорт – 3 949,8 млн АҚШ доллары (11,8% көп).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі Ресей Федерациясына – 93,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 3,6%, Беларусь Республикасына – 3%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы

(млн АҚШ доллар )

 

Экспорт

Импорт

ЕАЭО елдері

Қаңтар-наурыз

2021ж.

Қаңтар-наурыз

2022ж.

Қаңтар-наурыз

2021ж.

Қаңтар-наурыз

2022ж.

Ресей

1 423,6

1 606,4

3 310,3

3 708,3

Қырғызстан

142,2

122,2

58,3

84,1

Беларусь

28,2

14,0

160,8

155,2

Армения

1,6

1,2

2,3

2,2

Барлығы

1 595,6

1 743,8

3 531,7

3 949,8

 

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең жоғарғы өсім химия өнімі және онымен байланысты өнеркәсіп салалары бойынша болды, оның ішінде жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) – 3 есе өсім байқалды, импортта жануарлар мен өсімдіктерден алынатын өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары, оның ішінде бидай мен меслин өсімі – 4,3 есе.

 

* Алдын ала деректер.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/ Сыртқы және өзара сауда статистикасы