
Бір жылда (2022 жылғы сәуір мен 2021 жылғы сәуірді салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2% артты.
Тұрғын үй бағасы қатарынан бесінші жыл өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана болды, ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандады, 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған.

Бір айдың ішінде (2022 жылғы наурызға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағалары 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады. Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда сәуірде әрқайсысы 0,8%-ға жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені құрады.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі пайызбен, өсуі
|
|
1 шаршы метрінің бағасы, теңге1) |
2022 жылғы сәуір |
Анықтама: 2022 жылғы наурыз |
|||
|
2021 жылғы сәуірге |
2021 жылғы желтоқсанға |
2022 жылғы наурызға |
2021 жылғы наурызға |
2022 жылғы ақпанға |
||
|
Жаңа тұрғын үйлерді сату |
412 3152) |
20,3 |
8,9 |
0,8 |
20,3 |
5,5 |
|
Пәтерлерді қайта сату |
459137 |
27,7 |
15,4 |
1,8 |
27,7 |
4,6 |
|
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі |
3 561 |
22,2 |
10,4 |
0,8 |
22,5 |
3,5 |
1) 2021 жылғы 20 сәуір жағдай бойынша
2) Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша мониторингті ай сайын жүргізеді. Баға индекстері белгіленген елдімекендер бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады.