2021 жылғы өндіріс әдісімен есептелетін Жалпы ішкі өнім

2021 жылғы өндіріс әдісімен есептелетін Жалпы ішкі өнім

2021 жылғы (алдын-ала деректер бойынша) Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) 2020 жылға қарағанда 104,1% болды. ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,3%, қызметтер – 53,8% құрады.

ЖІӨ жедел бағалауымен салыстырғанда НКИ 104 %-ды құраған 6 базалық сала өзгеріссіз қалды, көрсетілетін қызмет салаларындағы нақтылаулар ай сайынғы деректер болмағандықтан, тоқсандық статистикалық байқаулардың деректері бойынша жүргізілген. Сонымен қатар алдын ала бағалау кезінде статистикалық байқаулардың деректері әкімшілік деректермен толықтырылады, олар да жедел бағалау кезінде болмаған.

ЖІӨ-нің атаулы мәні және құрылымы

 

Жалпы қосылған құн,

млн теңге

Құрылымы,

%-бен

2020 жылға қарағанда, %-бен

НКИ

дефлятор

Жалпы ішкі өнім

82 207 959,7

100,0

104,1

111,8

  Тауарлар өндірісі

33 318 140,3

40,3

103,6

118,3

  Ауыл, орман және балық шаруашылығы

4 202 632,9

5,1

97,6

113,1

  Өнеркәсіп

24 329 964,5

29,4

103,8

122,7

  Құрылыс

4 785 542,9

5,8

107,6

103,8

  Қызметтер өндірісі

44 034 301,8

53,8

104,0

106,8

Жалпы қосылған құн

77 352 442,1

94,1

103,8

111,5

Таза салық

4 855 517,6

5,9

108,4

117,3

 

 

______________________________________________________________________________________________________________________

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика/ Салалар бойынша / Ұлттық шоттар статистикасы