2022 жылы ірі және орта кәсіпорындар арасында кадр қажеттілігі өнеркәсіп саласында болады деп күтілуде

2022 жылы ірі және орта кәсіпорындар арасында кадр қажеттілігі өнеркәсіп саласында болады деп күтілуде

Ірі және орта кәсіпорындарды[1] зерттеу нәтижелері бойынша 2022 жылы 11 396 қызметкерге қажеттілік (ағымдағы жылы кәсіпорын қызметін кеңейту және жаңа жобаларды іске асыру үшін қажетті персоналдың (қызметкерлердің) болжамды қосымша саны) болады деп күтілуде (зерттелген кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік санының 0,5%) .

Кәсіпорындардың ең үлкен қажеттілігі келесі салаларда болады деп күтілуде: «кәсіби мамандардар» – 2 317 адам, «қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 1 984 адам және «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» - 1 858 адам. Сұранысы ең аз – «Басшылар және мемлекеттік қызметшілер» – 268 адам.

Едәуір көп кадр тапшылығы Өнеркәсіпте (2 697 адам), көтерме және бөлшек саудасында; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 705 адам), көлік және жинақтау саласында (1 163 адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (1 054 адам); денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (929 адам) белгіленді. Көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің қызметкерлер бойынша күтілетін қажеттілік үлесі 66,2% құрады.

Өңірлер бойынша қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Алматы қаласында – 4 776 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 975 адам және Алматы облысында – 621 адам. Алматы қаласындағы кадр тапшылығы көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 137 адам) және өнеркәсіпте (925 адам); Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы (633 адам) мен ақпарат және байланыс саласында (527 адам), Алматы облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы (271 адам) мен өнеркәсіпте (168 адам).


[1] Статистикалық ақпаратты жинау қаржы және сақтандыру қызметін; мемлекеттік басқару және қорғанысты; мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуді; өзге де қызмет түрлерін ұсыну жөніндегі қызметті қоспағанда,  экономикалық қызметтің барлық түрін жүзеге асыратын ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардан жүргізіледі.

Кәсіптік топтардың тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-од бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қызметтердің Ұлттық Сыныптауышына сәйкес анықталған.

Бос жұмыс орындар туралы мәліметтерді қалыптастыру кезінде ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің жұмыстан босатылуына байланысты босаған бос жұмыс орындар және жаңадан құрылған жұмыс орындары ескерілген.


 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зерттелген кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарының саны – 46 170 бірлікті құрады (немесе зерттелген кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік санынан 1,9%).

Бос орындардың көпшілігі «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары»– 10 590 бірлік (бос жұмыс орындарының жалпы санының 22,9%), «кәсіби мамандар» – 10 128 бірлік (бос жұмыс орындарының жалпы санының 21,9%) кәсіпкерлік тобына жатады. «Өндірістік жабдық, операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны – 7 618 бірлікті, «қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 5 533 бірлікті құрады.

 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік

 

 

 

Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік

Есепті кезеңге қызметкерлердегі күтілетін қажеттілік, адам

Барлығы

 46 170

 11 396

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

   516

905

Өнеркәсіп

 17 754

2 697

Құрылыс

1 543

 880

Көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

 2 832

  1 705

Көлік және жинақтау

 7 017

  1 163

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

 629

 475

Ақпарат және байланыс

 1 733

624

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

  527

 240

Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет

  1 108

  134

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

 4 248

 1 054

Білім беру

1 794

  479

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

  5 288

 929

Өнер, ойын-сауық және демалыс

 1 181

  111

 

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

    Баспасөз қызметі: Мекенжай:
    Маратқызы Жазира 010000, Н?р-С?лтан ?аласы
    Тел. +7 (7172) 749502 Мәңгілік ел , 8
    Instagram: @statgov.kz
Te.me: statgov.kz
Facebook: kazstatgov.kz
Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы