
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов Алматы қаласы статистика департаментінің ұжымына жаңа директор – Дархан Исаевты таныстырды. Бұған дейін ол ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаментінің директоры болып жұмыс істеген.
Бюро басшысы Дархан Исаевтың статистика саласында 19 жылдан астам еңбек етіп келе жатқанын және басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтті. «Дархан Әбдірахманұлы мансап сатысының барлық кезеңдерінен өтті, қарапайым маманнан департамент басшысына дейін. Оның көп жылғы тәжірибесі мен өз ісіне деген адалдығы аумақтық Департаментті одан әрі дамытуға септігін тигізеді деп сенемін. Қазір бюроның жұмыс ретін оңтайландыру бойынша үлкен міндет тұр, жаңа директордың басшылығымен олар табысты іске асырылатынына сенімдімін", – деді Жандос Шаймарданов.
Дархан Исаев Алматы технологиялық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» (2002 жыл), «Ақпараттық жүйелер» (2006 жыл) мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы қ. «ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК деректер базасын жүргізу бөлімінің информатик маман ретінде бастады (2003-2005 жж.).
2005-2008 жж. – ҚР Статистика агенттігінің құрылымында департаменттің жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді, Алматы қаласы;
2008-2014 жж. – ҚР Статистика агенттігі экономикалық тіркелімдер басқармасының бас сарапшысы, ішкі сауда статистикасы басқармасының бастығы, экономикалық тіркелімдер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған;
2014-2016 жж. – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Алматы қаласының статистика департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды;
2016-2021 жж. – ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасының басшысы;
2021-2022 жж. – ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
«Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2018 ж.).