
Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2022 жылғы I тоқсанда өткен 2021 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда дайын өнімге сұраныстың төмендеуіне байланысты өнім шығарылымын заттай көрінісінде төмендегенін белгіледі. Осылайша, 2022 жылдың I тоқсанында одан бұрынғы тоқсанмен салыстырғанда сұраныстың өзгеруін бағалау балансы -7%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы -10%-ды құрады (2021 жылдың IV тоқсанында тиісінше 4% және 8%).
2022 жылғы I тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі елеусіз өсіп, 2% құрады. Бұл ретте өнеркәсіп кәсіпорындарының 68%-ы қаржылық-шаруашылық қызметтің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 15%-ы – жақсаруды және 10%-ы – нашарлауды күтеді.
Сауда кәсіпорындарына жүргізілген сауалнамаға сәйкес 2022 жылдың I тоқсанында 2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда тұтынушылық сұраныс пен іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалды. 2022 жылдың I тоқсанында сұраныстың өзгеруінің балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда төмендеді және -20%-ды құрады (2021 жылдың IV тоқсанында -4%), сауда көлемінің өзгеруін бағалау балансы 0%-дан -22%-ға дейін төмендеді.
2022 жылғы I тоқсанда жүргізілген зерттеудің сауалнама нәтижелері бойынша алынған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі -13% құрады. Бұлай айтарлықтай төмендеуге: сұраныс, бөлшек сауда желілеріндегі қорлар және тұтастай алғанда экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы әсер етті.
Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі – 55% ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің өзгермеуін, 17% жақсаруын және 14% нашарлайтындығын күтеді.
2022 жылдың I тоқсанында 2021 жылдың IV тоқсанмен салыстырғанда құрылыс кәсіпорындарының басшылары экономикалық конъюнктураның нашарлағанын атап өтті. Осылайша, тапсырыс беру портфелінің өзгеруін бағалау балансы өткен тоқсанмен салыстырғанда төмендеді және -12%-ды құрады. Орындалған жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы -6%-дан -29%-ға дейін төмендеді.
2022 жылғы I тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі аздап өсті және 0%-ды құрады.
Құрылыс кәсіпорындарының 58%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуын, 18%-ы – жақсаруын және 9%-ы – нашарлауын күтеді.
Әдіснамалық түсініктемелер
Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.
Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.
Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін және ұйымдарда жұмыс істейтіндер санының күтілетін өзгерісін бағалау «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп ұғынылады.
www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Конъюнктуралық зерттеулер статистикасы
| Баспасөз қызметі: | Мекенжай: | ||
| Маратқызы Жазира | 010000, Н?р-С?лтан ?аласы | ||
| Тел. +7 (7172) 749502 | Мәңгілік ел , 8 | ||
| Instagram: @statgov.kz Te.me: statgov.kz Facebook: kazstatgov.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы