2022 жылғы қаңтар-ақпандағы демографиялық ахуал туралы

2022 жылғы қаңтар-ақпандағы демографиялық ахуал туралы

2022 жылғы 1  наурызға еліміздегі халық саны 19160,7 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11405 мың (59,5 %), ауылдықтар – 7755,7 мың адам (40,5%). 2021 жылғы 1  наурызбен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3% өсті.

* Халық саны туралы деректер 2021 жылғы Халық санағының деректері толық өңделгеннен кейін қайта саналады.

 

Халықтың табиғи қозғалысы

2022 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда          (42,1 мың адам) 15,1% кеміп, 35,7 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 11,50 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 62,8 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға (65,7 мың адам) қарағанда 4,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,20 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде 27,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпанға (23,7 мың адам) қарағанда 14,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,70 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 537 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (517 шетінеген нәресте) 3,9% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,55 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-ақпанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2 869 адамды, елімізден кеткендердің саны 3 520 адамды, көші-қонның айырымы - 651 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 87,3% және 79,2% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (5 447 адам), Алматы (5 734 адам), Шымкент (776 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (7 адам).

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

    Баспасөз қызметі: Мекенжай:
    Маратқызы Жазира 010000, Н?р-С?лтан ?аласы
    Тел. +7 (7172) 749502 Мәңгілік ел , 8
    Instagram: @statgov.kz
Te.me: statgov.kz
Facebook: kazstatgov.kz
Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы