Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-наурызда 105,8% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-наурызда 105,8% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, айтарлықтай өсу Атырау облысында (2021 жылғы қаңтар-наурызға 112,1%) байқалды. Бұл ретте төмендеу Қызылорда облысында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімінің сомасы 11637,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу салалары бойынша – 6179,4 млрд теңге (жалпы көлемнен 53,1%), өңдеу өнеркәсібінде 4686,7 млрд теңге (40,3%) сомаға өнім өндірілді.

2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда шикі мұнай (107,6%) және табиғи газ өндіру (108,2%), сусындар (119%), темекі өнімдері (122,4%), химия (107,8%) және металлургия өнеркәсібі (104,6%), резеңке және пластмасса бұйымдары (115,2%), фармацевтика (118,2%) және өзге де бейметалл минералдық өнімдер (112,4%) өндірісінің өсуі байқалды.

2022 жылғы қаңтар-наурыздағы жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

Өндірілгені

2021 жылғы қаңтар-наурызға пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн тонна

22,7

107,6

мыс кендері, млн тонна

30,9

97,5

ұн, млн тонна

0,9

123,0

бензин, млн тонна

1,2

104,2

минералды немесе химиялық тыңайтқыштар, млн тонна

0,2

96,1

портландцемент, млн тонна

2,2

103,8

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

17,8

98,8

электр энергиясы, млрд кВт сағ.

31,1

100,2

 

Пресс-релизді сақтау 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы

    Баспасөз қызметі: Мекенжай:
    Маратқызы Жазира 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
    Тел. +7 (7172) 749502 Мәңгілік ел , 8
    Instagram: @statgov.kz
Te.me: statgov.kz
Facebook: kazstatgov.kz
Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы