
Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-наурызда 2702,3 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,3% аз.
Азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы жалпы көлеміндегі үлесі 32,1% құрады, азық-түлік емес тауарлар – 67,9%. 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда азық-түлік тауарларды өткізу көлемі 10,3%-ға азайды, азық-түлік емес тауарлар 0,5%-ға -өсті.
2022 жылғы қаңтар-наурызда сауда кәсіпорындарының тауарларды өткізу көлемі 1925,1 млрд теңге болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда нақты мәнде 7,3%-ға артық көрсеткіш.
2022 жылғы қаңтар-наурызда республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлесі Алматы (27,3%) мен Нұр-Сұлтан қалаларына (11,8%), Қарағанды (10,3%) және Шығыс Қазақстан (9,7%) облыстарына тиесілі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша/ Ішкі сауда статистикасы
| Баспасөз қызметі: | Мекенжай: | ||
| Маратқызы Жазира | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы | ||
| Тел. +7 (7172) 749502 | Мәңгілік ел , 8 | ||
| Instagram: @statgov.kz Te.me: statgov.kz Facebook: kazstatgov.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы