
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда дәнді және бұршақ дақылдары туралы деректерді ай сайын жинақтап өңдейді. Ауыл шаруашылығы дақылдары туралы бастапқы ақпаратты оларды өсірумен, өңдеумен, сатумен, сақтаумен айналысатын және пайдаланатын заңды тұлғалар, шаруа немесе фермер қожалықтары, дара кәсіпкерлер ұсынады. Олар статистика деректерін stat.gov.kz сайтындағы «Респондент кабинеті» арқылы толтырады.
Ай сайынғы деректер негізінде азық-түлік, тұқым және жемшөпке арналған астықтың бар мөлшері және жаңа өнімнен дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың келуі туралы ақпарат жиналады. Жылдық нысанда қолда бар мөлшері туралы деректерден басқа жаңа егіннен түскен астықтың көлемі, астықтың экспорты мен импорты, оны қайта өңдеу және қажетіне пайдалану туралы ақпаратты қамтитын астықтың қозғалысы көрсетіледі. Қорытынды жедел ақпарат ай сайын stat.gov.kz сайтында жарияланады.
Бюроның жинап, өңдеген деректері бойынша 2022 жылғы 1 сәуір мерзімінде Қазақстан Республикасында 7,9 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары (күрішті қоса алғанда) бар. Оның негізгі үлесін бидай құрайды – 6,4 млн тонна. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 9,4 млн тонна дәнді дақыл мен 7,5 млн тонна бидай болған. Қолда бар астық мөлшерінің азаюы 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімінің (күрішті қоса алғанда) 18,4%-ға азаюымен байланысты.
Респонденттердің 92%-ы 2022 жылдың наурыз айында ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша бастапқы ақпаратты онлайн режимде ұсынды, қалғандары – қағаз нысанда. Айта кетейік, бастапқы деректерді ұсынбаған немесе оларды бұрмалаған респонденттер ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы қолда бар дәнді және бұршақ дақылдары
тонна
|
|
2018 жылғы |
2019 жылғы |
2020 жылғы |
2021 жылғы |
2022 жылғы |
|
|
|||||
|
Дәнді және бұршақты дақылдар барлығы |
10 649 775 |
9 234 499 |
7 777 018 |
9 387 697 |
7 898 569,3 |
|
азық - түлікке |
7 751 228 |
6 731 808 |
5 338 415 |
6 641 076 |
5 710478,1 |
|
тұқымға |
1 678 268 |
1 559 262 |
1 493 481 |
1 589 892 |
1 460088,3 |
|
жемшөпке |
1 220 279 |
943 429 |
945 122 |
1 156 729 |
728002,9 |
|
|
|||||
|
Бидай |
8 809 179 |
7 518 123 |
6 073 849 |
7 493 639 |
6 419220,2 |
|
азық - түлікке |
6 884 112 |
5 896 324 |
4 576 472 |
5 835 524 |
5 015969,7 |
|
тұқымға |
1 335 354 |
1 210 472 |
1 139 464 |
1 253 634 |
1 189339,3 |
|
жемшөпке |
589 714 |
411 326 |
357 913 |
404 480 |
213911,2 |