
Санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, ғылым және қызмет көрсету салаларының кәсіпорындарын жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша 2021 жылы 375 мың адам (2020 жылы – 366,9 мың адам) немесе зерттелген кәсіпорын қызмеркерлерінің жалпы санынан 22,8 % жұмыс істеді.
Экономикалық қызметтің жеке түрлері бойынша қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны
адам
|
санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайында жұмыс істейтіндер требованиям (нормам) |
одан: сыртқы жағдайлардың әсерімен жұмыс істейтіндер |
ауыр дене еңбегімен шұғылда-натындар |
қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндер |
|||
|
жоғары шуыл мен дірілдің деңгейінде
|
жұмыс айналасындағы ауаның газдануы мен шаңдануы ШМК-дан жағдайда
|
қолайсыз темпера-туралық режимде
|
||||
|
Барлығы |
374 987 |
169 438 |
120 556 |
61 660 |
93 647 |
4 168 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
3 610 |
1 192 |
1 791 |
453 |
1 207 |
|
|
Өнеркәсіп |
242 972 |
132 622 |
102 922 |
47 261 |
52 753 |
2 566 |
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
91 804 |
54 090 |
41 793 |
14 098 |
28 076 |
2 201 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
103 774 |
53 805 |
43 492 |
21 319 |
16 522 |
148 |
|
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен қамтамасыз ету |
35 182 |
20 240 |
14 038 |
10 539 |
4 642 |
201 |
|
Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет |
12 212 |
4 487 |
3 599 |
1 305 |
3 513 |
16 |
|
Құрылыс |
14 645 |
6 692 |
5 550 |
3 637 |
6 076 |
6 |
|
Көлік жәнежинақтау |
52 698 |
24 209 |
7 321 |
5 356 |
27 463 |
898 |
|
Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету |
1 115 |
101 |
26 |
666 |
57 |
|
|
Ақпарат жәнебайланыс |
2 779 |
531 |
478 |
802 |
763 |
|
|
Кәсіби, ғылымижәне техникалыққызмет |
7 021 |
2 932 |
745 |
927 |
1 176 |
4 |
|
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету |
50 147 |
1 159 |
1 723 |
2 558 |
4 152 |
694 |
Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін ерлердің саны әйелдердің санынан 3,3 есеге артты. Тұру және тамақтану бойынша қызметтер салаларындағы (2,6 есе) қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан артты.
Өңірлер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің едәуір үлесі Павлодар – 44,3%, Қарағанды – 42,6%, Маңғыстау – 38,4%, Жамбыл – 27,4%, Шығыс Қазақстан – 27,2% облыстарында белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі – Қызылорда облысында (6,7 %)
.
2021 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 167 876,4 млн теңге жұмсады. Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 528,9 мың адамға берілген, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайына әртүрлі материалдық қосымша төлемдерді 390,1 мың адам пайдаланған, 319,7 мың адам сүт немесе тең бағалы тағам өнімдерін тегін алды, 86,2 мың адам тегін емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, ал 46,5 мың адам қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.
Аталған статистикалық байқау нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін «Қазақстан Республикасындағы жеке экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны» бюллетенінің www.stat.gov.kz сайтындағы электрондық нұсқасын «Ресми статистика»/ «Салалар бойынша»/ «Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы»/ «Бюллетендер» бөлімінде көруге болады.
Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда жекелеген экономикалық қызметтің түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/ Еңбек және жұмыспен қамту статитикасы
| Баспасөз қызметі: | Мекенжай: | ||
| Маратқызы Жазира | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы | ||
| Тел. +7 (7172) 749502 | Мәңгілік ел , 8 | ||
| Instagram: @statgov.kz Te.me: statgov.kz Facebook: kazstatgov.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы