Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-ақпандағы өзара саудасы 3 771,2млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 22,8% көбейді.
2022 жылғы қаңтар-ақпандағы тауарлар экспорты 1 174,9 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (26,8% көп), импорт - 2 596,3млн АҚШ доллары (21,1% көп).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі басым – 93,5%, одан кейін Қырғызстан – 3,3%, Беларусь – 3,1% және Армения – 0,1%.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы
(млн АҚШ доллары)
|
|
Экспорт |
Импорт |
||
|
ЕАЭО елдері |
Қаңтар-ақпан 2021ж. |
Қаңтар-ақпан 2022ж. |
Қаңтар-ақпан 2021ж. |
Қаңтар-ақпан 2022ж. |
|
Ресей |
823,2 |
1090,7 |
2 005,5 |
2435,4 |
|
Қырғызстан |
84,6 |
72,6 |
33,6 |
53,7 |
|
Беларусь |
17,7 |
10,9 |
103,5 |
105,5 |
|
Армения |
1,3 |
0,7 |
1,2 |
1,7 |
|
Барлығы |
926,8 |
1 174,9 |
2 143,8 |
2 596,3 |
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазық илек бойынша ең жоғары өсім байқалған – 3 есе, импорт бойынша өткен жылдың қаңтар-ақпан айымен салыстырғанда бидай мен меслин бойынша өсім ең жоғары болды – 7,4 есе.
*Алдын ала деректер.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/ Сыртқы және өзара сауда статистикасы
| Баспасөз қызметі: | Мекенжай: | ||
| Маратқызы Жазира | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы | ||
| Тел. +7 (7172) 749502 | Мәңгілік ел , 8 | ||
| Instagram: @statgov.kz Te.me: statgov.kz Facebook: kazstatgov.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы