2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында 646654 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,2%-ға азайды. Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3709,6 мың бірлікті құрады.1)
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте 16876 адам зардап шеккен 11484 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 3,4%-ға ұлғайды.2)
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 21,3 млрд. теңге сомасына 54829 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.3)
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика/Салалар бойынша/ Көлік статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысының міндетін атқарушысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Абильдаев А.Ж. | Нұқышева С.К. | Сандыкбаева Аида | 010000,Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 74 92 71 | Тел. +7 7172 74 93-35 | Тел.+7 717274 90 02 | Мәңгілік Ел, 8 |
| Email:A.Sandikbayeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті