Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2019 жылғы қаңтар-қазанда 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 104,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2019 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9706,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 8,2% артық.
2019 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 23836,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,5% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 3,7%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 3,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,9% артты.
2019 жылғы қаңтар-қазанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 4531,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 0,2% кем.
2019 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3323,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 12,7% артық.
2019 жылғы қаңтар-қазанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 105,6% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 500,6 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,9 % артты. Жолаушылар айналымының көлемі 244,6 млрд. ж-км құрап, 5% артты.
2019 жылғы қаңтар-қазанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,5% құрады.
2019 жылғы қаңтар-қазанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,5%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі 8995,5 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 20011,2 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,3% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 70365,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 1,5% көбейді, соның ішінде экспорт – 42726,3 млн. АҚШ долларын (4,4% аз), импорт – 27639,4 млн. АҚШ долларын құрады (12,3% көп).
2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 445213 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 436471 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 302351 құрады, оның ішінде 293974 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,2%, азық-түлік емес тауарларға 3,8% өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,1% төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы қазанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,1% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2019 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 103865 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2018 жылғы қыркүйекке қарағанда 9,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,2%-ке артты.
2019 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 197067 теңгені құрады.
2019 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 443,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы қазанның соңына 165,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,8%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Төлеутаева А.М. | Тұрмағанбет Б.Ә. | Сандықбаева Аида | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749509 | Тел. +7 7172 749077 | Тел. +7 7172 749002 | Мәнгілік ел көшесі, 8 үй, |
| a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті