Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

2019 жылғы қазанда республика экономикасында, бағалау бойынша 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды*. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,6 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтылған.

2019 жылғы қазанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 443,2 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы қазан айының соңына 165,8 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,8%-ын құрады.

k11-11-2019-2.png

Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы II тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (24,9 мың адам) құрады.

*Бағалау. Деректер 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңына сәйкес.


Әдіснамалық түсіндірмелер:

Жұмыссыздар  - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген  әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің жұмыс күші санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Ж. Кәрібаева Н.Е. Белоносова Сандыкбаева Аида 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749688 Тел. +7 7172 749022 Тел. +7  7172 749002 Мәнгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.sandikbaeva
@economy.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс
       

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті