Ағымдағы жылғы тоғыз айда (2019 жылғы қыркүйек 2018 жылғы желтоқсанға) экспортталатын тауарларға баға – 2,3%, импортталатындарға 5,7% жоғарылады.
| Сыртқы сауда бағасының өзгеруі | |||||
| пайызбен, өсуі+, төмендеуі- | |||||
| 2019 жылғы қыркүйек | 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекке |
||||
| 2019 жылғы тамызға |
2018 жылғы қыркүйекке |
2018 жылғы желтоқсанға |
2015 жылғы желтоқсанға |
||
| Экспорт – барлығы | -4,6 | -5,1 | -2,3 | 47,4 | 9,1 |
| Шикізат | -6,5 | -7,4 | -3,3 | 54,2 | 10,1 |
| Жартылай дайын өнімдер | -1,0 | -2,7 | -2,6 | 36,1 | 5,1 |
| Дайын өнімдер | 1,7 | 10,8 | 9,2 | 38,0 | 14,3 |
| Импорт – барлығы | 1,0 | 7,8 | 5,7 | 41,7 | 9,0 |
| Шикізат | 2,3 | 2,9 | 7,1 | 47,3 | 8,3 |
| Жартылай дайын өнімдер | 0,7 | 9,5 | 7,2 | 47,7 | 11,0 |
| Дайын өнімдер | 0,9 | 7,7 | 5,1 | 39,8 | 8,5 |
Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы ферроқорытпаларға – 19,4%, хром кендеріне – 15,8%, мырышқа – 9,9%, мұнайға 0,2% төмендеді, темір кендеріне – 36,2%, көмірге – 17,2%, қорғасынға – 9,4%, қара металдардан жасалған бұйымдарыға – 7,4%, қара металл илегіне 7% жоғарылады. Бағаның бидайға – 19,1%, арпаға – 1,8%, жүнге 1,6% жоғарылауы, олардың мақтаға 3% төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден көкөністер – 40,4%, күріш – 10,2%, кондитерлік өнімдер – 10%, өсімдік майы – 8,5%, кофе – 8,4%, балық – 8,1%, какао – 7,6%, темекі – 6,8%, макарон өнімдері – 6,1%, құс еті және шай 4,6%-дан қымбаттады, жемістер мен жаңғақтар – 7,7%, қант 6,4% арзандады. Баға аяқкиімге – 10,7%, фармацевтикалық өнімдерге – 10,2%, пластмассаға – 8,1%, тоқыма бұйымдарына – 8,7% құрылыс материалдарына 6,7% жоғарылады.
Баға индекстерін есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц (экспорт, импорт) нысаны), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Ж. Тоқбаева | Э. Тілепбергенова | Сандықбаева А. | 010000,Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749294 | Тел. +7 7172 749057 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел, 8 |
| E-mail: a.sandikbaeva @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
||
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті