
Бір жылда (2022 жылғы наурыз бен 2021 жылғы наурыз мәліметтері бойынша) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы наурызда 22,5% артты.
Бір айдың ішіндегі (2022 жылғы наурыз бен 2022 жылғы ақпанды салыстырғанда) өзгерістерді алатын болсақ, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 2022 жылғы ақпандағы 0,4%-дан наурызда 5,5% дейін көтерілді. Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда наурызда 4,6%, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,5% өсті.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі
|
|
2022 жылғы наурыз |
Анықтама: 2022 жылғы ақпан |
|||
|
2021 жылғы наурызға |
2021 жылғы желтоқсанға |
2022 жылғы ақпанға |
2021 жылғы ақпанға |
2022 жылғы қаңтарға |
|
|
Жаңа тұрғын үйлерді сату |
203 |
80 |
5,5 |
14,6 |
0,4 |
|
Пәтерлерді қайта сату |
277 |
13,4 |
4,6 |
24,5 |
5,5 |
|
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі |
225 |
9,5 |
3,5 |
19,1 |
0,6 |
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады», – дейді ҚР Ұлттық статистика бюросының баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Баспасөз қызметі: | Мекенжай: | ||
| Маратқызы Жазира | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы | ||
| Тел. +7 (7172) 749502 | Мәңгілік ел , 8 | ||
| Instagram: @statgov.kz Te.me: statgov.kz Facebook: kazstatgov.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы