Қазақстан Республикасындағы инфляция

Қазақстан Республикасындағы инфляция

2022 жылғы наурызда инфляция жылдық есептеуде – 12%, бір айда 3,7% құрады (осыған ұқсас мән 2015 жылдың қараша айында тіркелген).

2022 жылғы наурызда 2021 жылғы наурызбен салыстырғанда баға азық-түлік тауарларына 15,4% жоғарылады. Бағаның өсуі құмшекерге – 51,5%, жаңа жиналған көкөністерге – 44%, картопқа – 37,8%, құс етіне – 25,5%, күнбағыс майына – 23,8%, жармаларға – 22,2%, макарон өнімдеріне – 17,7%, қой етіне – 16,7%, жылқы етіне – 15,1%, ұнға – 15%, тоқаш және ұннан жасалған өнімдерге – 13,6%, пастерленген сүтке – 13,1%, ет өнімдеріне – 12,6%, қышқыл сүт өнімдеріне – 12,5%, жаңа жиналған жемістерге – 12,2%, қатты ірімшікке – 12,1%, ,нанға, сары майға – 11,4%-дан, кондитерлік өнімдерге – 11,3%, шошқа етіне 11,1% байқалды. Минералды және ас су – 15,9%, темекі өнімдері – 15,2%, салқындатылған сусындар – 14,3%, алкольді сусындар 9,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,6% байқалды.

2022 жылғы наурызда (2021 жылғы наурызға) баға өсімі азық-түлік емес тауарларға 10,9% құрады. Баға деңгейі тұрмыстық аспаптарға – 27,8%, автомобильдерге – 19,8%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, құрылыс материалдарына – 11,8%-дан, жуғыш және тазалағыш заттарға – 10,8%, жеке қолданылатын тауарларға – 10,2%, тоқыма бұйымдарына – 7,1%, фармацевтикалық өнімдерге 5,8% өсті.

Бір жылда (2022 жылғы наурыз 2021 жылғы наурызға) баға ақылы қызметтерге 8,3% өсті. Баға деңгейі санаторийлердің қызметтеріне – 11,5%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 9,7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 8,9%, қонақ үйлер қызметтеріне 6% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4,7% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 10,6%, қоқыс шығаруға – 8,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 3,2%, суды бұруға 1,1% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,2%, ыстық суға 1,1% төмендеді.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

  2022 жылғы наурыз Анықтама: 2022 жылғы ақпан
2021 жылғынаурызға 2021 жылғыжелтоқсанға 2022 жылғыақпанға 2021 жылғы
ақпанға
2022 жылғы
қаңтарға
Тауарлар мен қызметтер 12,0 5,2 3,7 8,7 0,8
Азық-түлік тауарлар 15,4 8,2 5,8 10,0 1,2
Азық-түлік емес тауарлар 10,9 3,6 2,8 8,6 0,5
Ақылы қызметтер 8,3 2,6 1,4 7,1 0,6

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық–түлік емес тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер 29,1% құрады.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
А.Р. Рашидов Қ. Жақыпбекұлы Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749536 Тел. +7 (7172) 749057 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы