Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2021 жылғы IV тоқсанда 4,9% құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.
2021 жылғы IV тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (9%), Маңғыстау (6,1%) облыстарында және Шымкент (6%) қаласында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (1,8%-дан) қаласында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2021 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,8, азық-түлік емес тауарларға – 7,9, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,4 есені құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Тұрмыс деңгейі статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А.С. Мақшаева | Н.Е. Белоносова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749262 | Тел. +7 (7172) 749022 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы