
2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 92589 жеңіл автомобиль есепке қойылған, 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 16,5% артық. Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3781,8 мың бірлікті құрады.1)
2022 жылғы қаңтарда 843 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1310 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 1% көбейді.2)
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 2,8 млрд. теңге сомасында 5968 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.3)
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.
3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А. Абильдаев | Г. Қарауылова | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749315 | Тел. +7 (7172) 749060 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| E-mail: ai.abildaev@aspire.gov.kz; | Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы