2022 жылғы қаңтардағы демографиялық ахуалы туралы

2022 жылғы қаңтардағы демографиялық ахуалы туралы

2022 жылғы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 19143,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11389,2 мың (59,5 %), ауылдықтар – 7754,0 мың адам (40,5%). 2021 жылғы 1  ақпанмен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Халықтың табиғи қозғалысы

2022 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда  (21,7 мың адам) 17,3% азайып, 17,9 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 10,98 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтарда туылғандар саны 31,2 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға (34,2 мың адам) қарағанда 8,7% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 19,10 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар 13,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға (12,5 мың адам) қарағанда 6,3% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,12 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 274 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (241 шетінеген нәресте) 13,7% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,79 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 1291 адамды, елімізден кеткендердің саны 1592 адамды, көші-қонның айырымы -301 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 90,0% және 79,5% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 25,2%-ке азайды. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (2777 адам), Алматы (2332 адам), Шымкент  (212 адам) қалаларында.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Демографиялық статистика

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Алданғарқызы Н.Е. Ханжігітов Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749002 Тел. +7 (7172) 749061 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы